1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.03.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық, мамандандырылған органдары мен оқу орындарының тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Агенттiк төрағасына үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 83-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi N 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 176-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігi (қаржы полициясы) туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк) экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестiрудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия