Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 857 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 30, 376-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесінде және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi