Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2007
Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заңы
Мәтiннен сөздер алынып тасталды ҚР 08.12.1997. № 200, Бас тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алынып тасталды, мәтініндегі сөздер ауыстырылды ҚР 08.10.1999. № 471, мәтiнде "тарау" деген сөздердiң алдындағы "I-V" деген цифрлар тиiсiнше "1-5" деген цифрлармен ауыстырылды - 09.06.2005. № 56 Заңдарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Осы Заң күшін жойды 26.07.2007 жылдан бастап ҚР 11.01.2007 жылғы № 214 Заңына сәйкес
Редакция 12.01.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi. 
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған  лицензиялық шарт  аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi. 
1-бап өзгертілді ҚР 15.04.2005. № 45 Заңымен. (09.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бiлiктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар; 
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат. 
2-бап жаңа редакцияда ҚР 15.04.2005. № 45 Заңымен. (09.07.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен  мемлекеттiк монополияға  жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.  
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады.  
Қазақстан Республикасының Үкiметi  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне  лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.  
3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады.  
Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.  
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.  
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет. 
Полная версия
ИС BestProfi