Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.02.2013
"Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 778 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (11.06.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 5) тармақшасын, 8-тармағының  6) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 маусымдағы
 № 778 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 2 маусымдағы
 № 452 қаулысымен
 бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Бастауыш білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
2. Негізгі орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
Полная версия
ИС BestProfi