Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.05.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006 № 134 қаулысымен. (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
Полная версия
ИС BestProfi