Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 928 Қаулысы       
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 20 қыркүйектегі
 N 928 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыру
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.09.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-65-жолмен толықтырылсын: 
"21-65 "Казахстанская правда" республикалық газетi" АҚ"; 
реттiк нөмiрі 123-1-жол алынып тасталсын; 
реттік нөмiрi 123-6 "Жас өркен" ААҚ" деген жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
3. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлiмде:  
реттiк нөмiрi 224-1-жолдағы "АҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрлерi 224-3 және 224-4-жолдар алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 224-21-жолдағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi