Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1306 қаулысы
1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының:
автобустардың;
жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам);
мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);
арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді.";
7-тармақ "аумағына кіруін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ "Шетелдік тасымалдаушы" деген сөздердің алдынан "Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
13-тармақта "беру" деген сөз "алу" деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақта "олардың тапсырыс берген санына пропорционалды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта "көлемдік параметрі биіктігі бойынша 4,5 метрден асатын" деген сөздер "көлемі, массасы және (немесе) біліктік жүктемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым ставкаларында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия