Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 Қаулысы
Осы редакция 05.05.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы  Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшін, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  263,  264,  266,  269,  270,  273,  275,  290  және  317-баптарына, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi)  278-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерi; 
2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi; 
3) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем; 
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары; 
5) жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзуiнiң шарттары мен нормалары; 
6) жеке тұлғалардың акциздер салынбайтын акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттауының нормалары; 
7) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 9 наурыздағы
 N 217 қаулысымен
 бекiтiлген
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден  
  шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын  
  айқындау өлшемдерi 
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлар, егер: 
1) мұндай тауарлар болып мыналар табылса: 
өткiзу жиiлігі жылына бiр реттен аспайтын мотокөлiктер мен жеңiл автомобильдерден басқа көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар; 
Полная версия
ИС BestProfi