Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 Қаулысы
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.08.2007. № 750, өзгерту енгізілді - 31 (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс).12.2008. № 1330 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулыларымен. 1. Қоса берiлiп отырған: 1) жеке тұлғалар ҚР кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерi; 2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан ҚР аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң ҚРнда уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi; 3) жеке тұлғалар ҚР кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем; 4) жеке тұлғалардың ҚР кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары; 5) жеке тұлғалардың тауарларды ҚР кеден шекарасы арқылы жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзуiнiң шарттары мен нормалары; 6) жеке тұлғалардың ҚР кеден аумағына кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды әкелу нормалары; 7) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары бекiтiлсiн. 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 28.08.2007. № 750 Қаулысымен. 2. Қосымшаға сәйкес ҚР Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жойды деп танылсын.(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қаулы күшін жойды 2010 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 01.07.2010 жылғы № 682 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекітілген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімге, cондай-ақ Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 263, 264, 266, 269, 270, 273, 275, 290, 317-баптарына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 299-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.08.2007. № 750, өзгертілді - 31 (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12.2008. № 1330 Қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары;
7) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2007. № 750 Қаулысымен (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)