Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.10.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары -  мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 
6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi; 
7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Полная версия
ИС BestProfi