Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2014
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
3, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1819 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.12.2007 жылғы № 1193 Қаулысымен (21.11.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1819 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.12.2007 жылғы № 1193 Қаулысымен (21.11.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1819 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 369 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия