Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы N 243 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 12.06.2012 № 783 (12.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.05.2013 ж. № 488 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 12.06.2012 № 783 (12.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.06.2012 № 783 Қаулысымен (12.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 12.06.2012 № 783 (12.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
2) техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
5) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
8) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт.
2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:
еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандар;
3) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
6) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
8) күзет қызметіне лицензия не өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.
3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
7) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт.
4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
3) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
7) күзет қызметіне лицензия не арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.
5. Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін 4-тармақтың 1) тармақшасы бойынша, 2) тармақшадағы жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.