1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулысы
Редакция 19.07.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1111 қаулысымен. (01.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.06.2004. № 604 қаулысымен. (27.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасындағы бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 205-құжат):
көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Кiрiспе" деген бөлiмде:
төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір күші жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 236 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 7 қарашадағы N 1178 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1344 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 462-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы.
Полная версия