Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.09.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 272 қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 272 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы N 16 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережеде:
3-тармақтағы "Ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен)
3. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 176 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарында:
"Жауапты орындаушы" деген бағанда:
реттік нөмірлері 1.2, 1.14, 2.3, 2.8, 2.9-жолдардағы "ДСА" деген аббревиатура "ДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.7-жолдағы "МАКМ" деген аббревиатура "Ақпаратмині" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.8-жолдағы "ДСА", "МАКМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ДСМ" деген аббревиатурамен және "Ақпаратмині" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.10-жолдағы "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi, Ақпаратмині" деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия