Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк протоколдың бiрыңғай нормаларын сақтау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 Жарлығы
Редакция 13.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ПРОТОКОЛЫ
Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 18.04.2013 жылғы № 553 Жарлығымен (12.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығымен (18.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 18.06.2015 жылғы № 40 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 27.10.2016 жылғы № 362 Жарлығымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.03.2016 жылдан бастап және 31.12.2017 жылға дейін әрекет етеді) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 76 Жарлығымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (09.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2021 жылғы № 545 Жарлығымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 02.07.2021 жылғы № 615 Жарлығымен (05.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығымен (02.07.2021 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік протокол өзгертілді ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (14.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Осы Мемлекеттік протокол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2024 жылғы № 481 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы (бұдан әрі – Мемлекеттік протокол) қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидаларын реттейді.
2. Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын белгілейді және қамтамасыз етеді, мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізген кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік реті қағидатын Мемлекеттік протоколға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітеді және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының орындауы үшін міндетті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды ұстануын бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) жүзеге асырады.
2-тарау. Шетелдік делегациялар сапарларының жіктелуі
4. Шетелдік ресми делегацияға протоколдық рәсімдер мен сый-құрмет сапардың форматына, делегацияны басқарып келген адамның мәртебесіне (мемлекет басшысы, үкімет басшысы, сыртқы саясат ведомствосының басшысы, халықаралық ұйымның басшысы немесе басқа да жоғары лауазымды адам) (бұдан әрі – мейман), екіжақты қатынастардың деңгейіне сәйкес, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескеріле отырып көрсетіледі.
5. Мейманның Қазақстан Республикасына сапары Қазақстан Республикасына келген кезінен басталады.
6. Шетелдік делегациялардың деңгейіне байланысты сапарлар аса жоғары деңгейдегі және жоғары деңгейдегі сапарлар болып бөлінеді.
Аса жоғары деңгейдегі сапарларға шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының сапарлары, жоғары деңгейдегі сапарларға Сыртқы істер министрлігі айқындайтын шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының және лауазымды адамдарының, оның ішінде:
қауіпсіздік кеңестері хатшыларының;
Полная версия