ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 1614 Жарлығы
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аппараты" деген жолда "22" деген цифрлар "30" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппараты" деген жолда "31" деген цифрлар "61" деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада "Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшiлер" деген жолда "2045" деген цифрлар "2335" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 28.12.2007. № 501 Жарлығымен (13.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз) (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
4) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283 Жарлығына:
тақырыбында, 1 және 3-тармақтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінiң (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлігінiң, Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпедегі ", қаржы полициясы органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшаның тақырыбында "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінің (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң, Кедендiк бақылау агенттiгінiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3 және 4-қосымшалардың тақырыптарында "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы), Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 7-қосымшаның тақырыбында "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 12-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Полная версия