1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 мамыр N 401
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 25.03.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж., N 58, 559-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшелері (мемлекеттік қызметшілер мәртебесін иеленушілер) және мемлекеттік инспекторлары," деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары";
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372 Жарлығында:
2-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызметшілер мәртебесі бар мүшелері", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік инспекторлары" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақша күшін жойды - ҚР Президентінің 2001.03.26. N 575 жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Полная версия