Басқа мемлекеттер аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне қосымша кепілдіктер белгілеу мақсатында қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 17.01.2004
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 1161 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2004 жылғы № 1284 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2004 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) атқаратын лауазымы бойынша көзделген ай сайынғы ақшалай үлесі үш есе арттырылады.
Басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге 16-қосымшаға сәйкес I-VI тарифтік разрядтар бойынша лауазымдық жалақылар және әскери қызметшілер үшін осы Жарлықта көзделген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін тиісті үстемақылар төленеді;
9) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілердің барлық санаттарына ұрыс қимылдарына (ұрыс ұшуларына) тікелей қатысқаны үшін ұрыс қимылдарына қатысқан әрбір күніне 3,0 коэффициентімен осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген көтеріңкі ақшалай үлес төленеді.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2003 жылғы 8 тамыз
N 1161
Полная версия