1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 124 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс (үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 12.02.2019 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (12.10.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4) «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне:
жоғарыда аталған өкімге 1-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
жоғарыда аталған өкімге 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:
мына:
«Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары»;
жоғарыда аталған өкімге 3-қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 124 Жарлығына 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
Бас прокурор
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің (қаржы полициясының) төрағасы
«Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
Сыртқы істер министрі
Қорғаныс министрі
Ішкі істер министрі
Әділет министрі
Білім және ғылым министрі
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Экономикалық даму және сауда министрі
Дін істері агенттігінің төрағасы
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 124 Жарлығына 2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне 3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жедел ден қою мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
«Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
Сыртқы істер министрі
Қорғаныс министрі
Ішкі істер министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Президенттің Баспасөз хатшысы
Полная версия