Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 436 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс (үзінді)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат; 2006 ж., N 33, 350-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген тәртіпке сәйкес Ортсайлауком құрамында төраға мен алты мүше болып құрылады.";
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (13.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 
27-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Парламенттің" деген сөз "Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан  Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi