Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 101 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда)
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасындағы өкілдері
«Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары
Президент
Жоғары Сот Кеңесі»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет, төтенше жағдайлар және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттері төрағаларының орынбасарлары
министр
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
Ішкі істер министрлігі комитеттері төрағаларының орынбасарлары
«Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің, бас инспекцияларының, орталық командалық пунктінің, бас басқармаларының бастықтары
Қорғаныс министрі
Әкімшілік Басшысы»,
«Астана, Алматы қалаларының, облыстардың көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары
Ішкі істер министрі
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің*, Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру жөніндегі орталықтың, Академиялардың және Қарағанды заң институтының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері
Ішкі істер министрі
Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық аппараты департаменттерінің*, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының), Қаржы полициясы академиясының бастықтары
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы
Әкімшілік Басшысы
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, облыстардың кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары
Қаржы министрі
Кеден бақылау комитетінің төрағасы
Әкімшілік Басшысы
Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің директорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары
Төтенше жағдайлар министрі
Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы
Әкімшілік Басшысы
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары
Қаржы министрі
Кеден бақылау комитетінің төрағасы
Әкімшілік Басшысы
Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары
«Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша басқармаларының бастықтары, «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқармалары төрағалары
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері
Премьер-Министр
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқармалары
төрағалары
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері
Премьер-Министр
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»;
«Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары
директорлар кеңесі
Премьер-Министр
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары
Әділет министрі
Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы
Әкімшілік Басшысы»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
«Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қол басшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер түрлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары;»;
«Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттерінің төрағалары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;»;
«18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономикалық даму және сауда, Мұнай және газ, Байланыс және ақпарат, Туризм және спорт министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;
Ұлттық Банк, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары; Ұлттық Банк комитеттерінің төрағалары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы.»;
«19. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқық қорғау жүйесі мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Бас прокурордың орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы;
Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Алматы және Қарағанды академияларының басшылары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары;
Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасарлары, аумақтық департаменттерінің бастықтары, «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары.»;
«Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары (Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қоспағанда), Әділет министрлігінің Алматы және Астана қалалары, облыстық әділет департаменттерінің бастықтары;»;
«22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, ішкі саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Мәдениет, Байланыс және ақпарат, Денсаулық, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің орынбасарлары, министрліктерінің жауапты хатшылары және комитеттер төрағалары; Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасарлары;
әкімдердің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және олардың құрамына кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары.»;
«23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік бақылау және аумақтарды дамыту мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:»;