Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 31 желтоқсан N 321
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279  Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 489-құжат) күші жойылған деп танылсын. 
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол қызметшілерге өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жүктеледі.  
Қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң  ар-намыс кодексiн  (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексi) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңында  белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.  
Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) қызметшілердің теріс қылық жасағаны үшін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес тиісті құқығы бар тұлға (әдетте, мемлекеттік органның басшысы. Бұдан әрі - мемлекеттік органның басшысы) қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.  
Қызметтік тексеру - қызметшінің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнінде атқарылатын қызмет.  
Мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - теріс қылықтың жасалу мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ бағалау және жаза шарасы жөнінде мемлекеттік органның басшысына ұсыным енгізу мақсатында теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тексеру және зерттеу материалдарын қарау үшін мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган.  
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тәртiптiк жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ  Ар-намыс кодексiн  бұзуға жол берген С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.  
Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және  Ар-намыс кодексiн  бұзған В-1 санатындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң, қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия қарайды (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия).  
Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормалары мен  Ар-намыс кодексiн  бұзуға жол берген С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-О-7, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, С-R-6 санаттарындағы, D және E санаттары топтарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды. 
Бiр тәртiптiк iстiң аясында материалды жеке өндiрiске бөлместен әр түрлi санаттағы бiрнеше қызметшiлердiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, iстi неғұрлым жоғары мәртебеге (санатқа) ие мемлекеттiк қызметшiнiң терiс қылықтары туралы iстердi қарау құқығы бар орган қарайды.  
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2000 № 459, 21.06.2002 № 895, 30.06.2005 № 1598, 27(01.07.2005 бастап қолданысқа енгізіледі).11.2007 № 446, 28.12.2007 № 501 (01.01.2008 бастап күшіне енеді), 18.02.2011 № 1157, 16.11.2012 № 435 Жарлықтарымен.(қолданысқа енгізілe тәртібін 3-т. қараңаз)
2. Жазаның түрлері мен теріс қылық түрлері
Полная версия
ИС BestProfi