Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 289 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
«Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде:
«Бекіту тәртібі» деген 2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Құрылыс мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін әзірленетін жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы құрылыстың жиынтық сметалық есептемесінде құрылыс құнының сметалық есептемесінің 10 %-ы мөлшерінде тапсырысшының иелігінде қалатын қаражат резервін көздеуі кажет.
Құрылыс мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін құрылыс құнының сметалық есептемесінің 10 %-ы мөлшерінде тапсырысшының иелігінде қалатын қаражат резервін пайдалану тәртібін индустриялық саясат саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi