Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2014
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 Қаулысы
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 қаулысымен бекiтiлген
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. Бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» сөздер «беру жөніндегі» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшiп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеудiң, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар (бұдан әрi - қосымша жеңiлдiктер) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;
2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
3) беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының және Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар;
4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 7, 04.03.2011 № 230 Қаулыларымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия