Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
1. «Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосымша жеңілдіктер тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Отбасының басшысын оралманның отбасы белгілейді.
6. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қолдаухат қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы шешімнен үзінді көшірме ресімделеді (бір дана) және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен қоса төлемдерді жүзеге асыру үшін Орталықтың филиалы арқылы Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.
Орталықтың бөлімшесі келіп түскен қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірмені осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оны тіркеу журналына тіркейді, орталықтандырылған деректер базасында алушының (оралманның) карточкасын қалыптастырады және тиісті деректерді енгізеді.
Полная версия