Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4771 болып енгізілді.
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.12.2024 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.12.2024 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) "Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 438 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1992 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 45-46, 729-құжат);
2) "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002 ж. N 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 372 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 43-48, 896-құжат);
3) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы" 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 ж. N 2, 201-құжат).
Үлгілік жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.10.2018 жылғы № 877 Бұйрығына сәйкес (23.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.12.2024 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.