Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.08.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2003 жылғы 26 қарашадағы
 N 1184 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817  қаулысында: 
3 және 4-тармақтардағы "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне", "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне", "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралардың кеңейтiлген жоспарында: 
мәтiндегi "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде: 
13-тармақтың 1-1)-тармақшасының үшiншi абзацы "Қаржы министрлiгiмен" деген сөздерден кейiн ", Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен" деген сөздермен толықтырылсын.
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 959  қаулысында: 
мәтiндегi "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi