Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2003
Қазақстан Республикасының Су кодексі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сессиясында 1993 жылғы 31 наурызда қабылданды N 3000
Қазақстан Республикасы Су Заңдарының мiндеттерi халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның мұқтаждары үшiн суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
1. Қазақстан Республикасында Су қатынастары осы Кодекспен және соған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының заңдық құжаттармен, өзге де қалыпты құжаттармен реттелiп отырады. 
2. Жер және орман қатынастарын, сондай-ақ жер қойнауын, атмосфера ауасын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану жөнiндегi қатынастарды Қазақстан Республикасының арнаулы заңдары реттеп отырады.
1. Мемлекет аумағындағы барлық су Қазақстан Республикасының су қорын құрайды. 
өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары, басқа да жер бетiндегi су ресурстары, сондай-ақ каналдар мен магистральды су құбырларының сулары; 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары.    
1. Қазақстан Республикасындағы су мемлекеттiң меншiгi болып табылады. 
2. Су меншiгi құқығын тiкелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттердiң заңды күшi жоқ және заңдарда көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады. 
3. Суды басқа мемлекеттердiң, сондай-ақ шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына беру шарттық негiзде жүзеге асырылады. 
4. Суды пайдалануға беру және су меншiгi құқығын iске асыру жөнiндегi басқа да әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-баптың 1-тармағынан сөздер және 3-тармақ алынып тасталды, 4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақ болып саналды ҚР 24.12.1996. № 58-I Заңымен.
Полная версия
ИС BestProfi