Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 Қаулысы
1. Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Бюджет қаржысы есебiнен қаржыландыру тек атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру және өзге де жұмыстарды орындау кезiнде жүзеге асырылады, жер учаскелерiнiң және меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың өтiнiмi бойынша жерге орналастыру және өзге де жұмыстар олардың өз қаражаты есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
бiр ай мерзiм iшiнде пәтер меншiк иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиум объектiлерi болып табылатын көп пәтерлi үйлердегi үй-жайлардың меншiк иелерi - заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерiн беру кезiнде жол берiлген заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдасын;
пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнiң қатысуымен үш ай мерзiм iшiнде жұмысты ұйымдастырсын және жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу және кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) берiлетiн жер учаскелерiне деген құқықты ресiмдеу жөнiнде шаралар қабылдасын;
кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы кеңейтiлген мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдерiн жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1027 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 260-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын.
6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 қаулысымен бекiтiлген
Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң ТӘРТIБI
1. Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң осы Тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерiне, кондоминиумның тиiстi объектiсiнiң басқа да қатысушыларына олардың жер учаскесiне құқықтары айқындалған жағдайларда жер учаскесiн беруге байланысты қатынастарды реттейдi.
Кондоминиумның жаңа объектiлерiн салуға жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 қаулысымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi туралы ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес үй-жайлардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (дара) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болатын бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектiсi) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке деген ерекше меншiк нысаны кондоминиум болып табылады.
Полная версия