Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1317 қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
1) "Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1235 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 48, 585-құжат); 
2) "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi