1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.04.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Комитеттің төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 430-құжат) 2-тармағы 1) және 1-1) тармақшаларының;
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік Мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күші жойылды деп тану" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде банкроттық рәсiмдердi жүргiзу саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің өзiне берiлген өкілеттiктер шегінде дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң жүргізуiн бақылауды жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия