Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 Қаулысы
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам негізгі қызметінің мәні:
1) концессияға ұсынуға ықтимал объектілер бойынша ұсыныстарды талдау және сараптау;
2) концессияға ықтимал объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелерін бағалау және экономикалық сараптау;
3) концессия объектілері бойынша конкурстық құжаттаманы сараптау;
4) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаларды талдау және сараптау;
5) концессия шарттарының жобаларын сараптау;
6) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) экономикалық сараптау жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия