Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 02.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығына сәйкес (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 мамырдағы
N 124 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2013 жылғы № 585 Жарлығымен (25.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығымен (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Ұлттық ұланы жоғары қолбасшылығы және басшылығының президенттік резерві (одан әрі – Президенттік резерв) – Қарулы Күштер және Ұлттық ұланының жоғары тұрған басшы лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда белгіленген ерекше іріктеу тәртібінен өткен әскери қызметшілерінің тізімі;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган.
2-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызмет бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi