Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 369 Жарлығы
Қазақстан Республикасының
 Президенті мен Үкіметі
 актілерінің жинағында
 жариялануға тиіс
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат): 
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ереженің 2-тармағындағы»"5-6" деген цифрлар»"6-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 312 Жарлығымен (23.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереженің 20 тармағында»"Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздер»"Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев                         - Қазақстан Республикасының 
Қанат Бекмырзаұлы                   Мемлекеттік хатшысы, төраға,

Орынбаев                          - Қазақстан Республикасы Премьер- 
Ербол Тұрмаханұлы                   Министрі Кеңсесінің Басшысы, 
                                    төрағаның орынбасары,

Бөрібаев                          - Қазақстан Республикасы Мәдениет 
Асқар Ысмайылұлы                    және ақпарат вице-министрі, 
                                    хатшы,

Досжан                            - Қазақстан Республикасы 
Ардақ Дүкенбайұлы                   Президенті Әкімшілігі 
                                    Әлеуметтік-саяси бөлімінің 
                                    меңгерушісі,

Ертісбаев                         - Қазақстан Республикасы Мәдениет 
Ермұхамет Қабиденұлы                және ақпарат министрі,

Тәжин                             - Қазақстан Республикасы Сыртқы 
Марат Мұханбетқазыұлы               істер министрі,

Түймебаев                         - Қазақстан Республикасы Білім 
Жансейіт Қансейітұлы                және ғылым министрі;
аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә.Аманшаев, О.Әбдікәрімов, Д.А.Калетаев, Е.М.Қосыбаев, Ж.Ә.Құлекеев, Қ.К.Тоқаев, А.А.Тілеубердин шығарылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат): 
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
Жарлықтың тақырыбы мен мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: 
тақырыбында және мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында: 
тақырыбында "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
аталған Комиссияның құрамына Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
көрсетілген Комиссияның құрамынан О. Әбдікәрімов шығарылсын;
6)»"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына: 
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
аталған Комиссияның құрамынан О.Әбдікәрімов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 23 шілдедегі
N 369 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы
N 829 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Саудабаев                  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Қанат Бекмырзаұлы            хатшысы, Комиссия төрағасы
Сағдиев                    - Республикалық ардагерлер ұйымы 
Мақтай Рамазанұлы            кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Көшкінов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Ержан Сүлейменұлы            Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы
Ахметов                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
Ертісбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және   
Ермұхамет Қабиденұлы         ақпарат министрі
Жексембинов                - Қазақстан Республикасы Парламенті 
Жомартқали Байәсілұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жұмабеков                  - Қазақстан Республикасы Президенті 
Оңалсын Исламұлы             Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Кәлетаев                   - Қазақстан Республикасы Президенті 
Дархан Аманұлы               Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қасымбеков                 - Қазақстан Республикасы Президенті 
Махмұт Базарқұлұлы           Кеңсесінің бастығы
Түймебаев                  - Қазақстан Республикасы Білім және
Жансейіт Қансейітұлы         ғылым министрі
Полная версия
ИС BestProfi