Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр актілерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығы
Редакция 08.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Актілер жинағында" жариялануға тиіс (ҮЗІНДІ) ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актілерiне өзгерiстер енгізілсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 10.10.2006 жылғы № 198 Жарлығымен (05.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2)  Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 05.07.2006 жылғы № 140 Жарлығымен (15.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшілiк және прогресс сыйлығының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы ереженiң 20-тармағындағы "Ақпарат министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен алмастырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсiн:
Аманшаев                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
Ермек Әмiрханұлы               ақпарат және спорт вице-министрi, 
                               хатшы,

Қосыбаев                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
Есетжан Мұратұлы               ақпарат және спорт министрi;
аталған Комиссияның құрамынан: С.Абдрахманов, Ә.А.Асқаров, Д.Қ.Қасейiнов шығарылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат):
жоғарыда аталған өкiммен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңестiң дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мұхаметжанов                 - Қазақстан Республикасы Президентi 
Бауыржан Әлiмұлы               Әкiмшілiгi Басшысының орынбасары - 
                               Мемлекеттік-құқық басқармасының 
                               бастығы, төраға,

Киселев                      - Қазақстан Республикасы Парламентi 
Сергей Владимирович            Мәжілiсiнiң депутаты,

Қосыбаев                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
Есетжан Мұратұлы               ақпарат және спорт министрi;

Жиреншин                     - Қазақ гуманитарлық-заң 
Қазбек Әбусағитұлы             университетiнің проректоры,

Қалмырзаев                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық 
Сарыбай Сұлтанұлы              қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа 
                               қарсы күрес агенттігiнің (қаржы 
                               полициясы) төрағасы,

Қоғамов                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық 
Марат Шекiшұлы                 қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа 
                               қарсы күрес агенттігінiң (қаржы 
                               полициясы) Қаржы полициясы 
                               академиясының бастығы;
"Сапарбаев                   - Қазақстан Республикасы Кедендiк 
Бердiбек Машбекұлы             бақылау агенттiгiнiң төрағасы"

мынадай редакцияда жазылсын:

"Сапарбаев                   - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Бердiбек Машбекұлы             вице-министрi - Кеден бақылау 
                               комитетiнiң төрағасы";
аталған Кеңес құрамынан: И.И.Рогов, С.Абдрахманов, Б.А.Бұлғақбаев, Ж.Д.Егiмбаева, М.А.Құл-Мұхаммед, Р.Ж.Мұқашев, Ғ.С.Сапарғалиев, М.К.Сүлейменов шығарылсын;
жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы ереженiң 4-бөлiмiнiң алтыншы абзацында "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілігінiң Мемлекеттік-құқық бөлiмi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздермен алмастырылсын;
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы ереженiң 16-тармағында "Мемлекеттік-құқық бөлiмi" деген сөздер "Мемлекеттiк-құқық басқармасы" деген сөздермен алмастырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Мұхаметжанов                 - Қазақстан Республикасы Президентi 
Бауыржан Әлiмұлы               Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - 
                               Мемлекеттiк-құқық басқармасының 
                               бастығы, төрағаның орынбасары,

Дунаев                       - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Арман Ғалиасқарұлы             министрi;
"Федотов                     - Президент Әкiмшiлiгi 
Виктор Данилович               Мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң 
                               мемлекеттiк инспекторы, Комиссия 
                               хатшысы"
"Федотов                     - Қазақстан Республикасы Президентi 
Виктор Данилович               Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық 
                               басқармасы Құқық қорғау қызметi 
                               бөлiмiнiң бас инспекторы";
аталған Комиссия құрамынан: И.И.Рогов, Е.А.Досаев шығарылсын;
6) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегi N 323 өкiмiне:
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мұхаметжанов                 - Қазақстан Республикасы Президентi 
Бауыржан Әлiмұлы               Әкiмшілігі Басшысының орынбасары - 
                               Мемлекеттiк-құқық басқармасының 
                               бастығы, төраға,

Әбiлхатаев                   - Қазақстан Республикасы Президентi 
Марат Кәрiмұлы                 Әкiмшілігінiң Мемлекеттік-құқық 
                               басқармасы Құқық қорғау қызметi 
                               бөлiмiнiң меңгерушiсi,

Бектұрғанов                  - Қазақстан Республикасы Президентi 
Ерсұлтан Өтеғұлұлы             Әкiмшiлігінiң Ұйымдастыру-бақылау 
                               жұмысы және кадр саясаты басқармасы 
                               Кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi,

Бурлаков                     - Қазақстан Республикасы Парламентi 
Леонид Николаевич              Сенатының депутаты (келiсiм бойынша);
аталған Комиссия құрамынан: И.И.Рогов, Г.В.Ким, О.Б.Мұхамеджанов, А.С.Судьин шығарылсын;
7) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 08.05.2012 жылғы № 325 Жарлығымен (10.10.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi