Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы
Мәтін бойынша «өтініштерді», «өтініші», «өтініш», «өтінішпен», «өтінішті», «өтініштің», «өтінішке», «өтініштері» деген сөздер тиісінше «өтінішхаттарды», «өтінішхаты», «өтінішхат», «өтінішхатпен», «өтінішхатты», «өтінішхаттың», «өтінішхатқа», «өтінішхаттары» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.02.2023 жылғы № 126 Жарлығына сәйкес (02.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 02.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже; 
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығы;
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығы;
3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3343 Жарлығы;
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 20-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 3892 Жарлығы;
6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы N 557 Жарлығы;
7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719 Жарлығының 1-тармағы;
8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 821 Жарлығы;
9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288 Жарлығы;
10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 238-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Полная версия
ИС BestProfi