1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 427 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 427 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Ерлан Әбілфайызұлы министрі,
Тараков - жазушы (келісім бойынша) Александр Юрьевич
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан В.Р. Гундарев, Е.Х. Қазыханов шығарылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат; 2004 ж., № 15, 183-құжат; 2005 ж., № 21, 247-құжат; 2006 ж., № 20, 195-құжат; 2007 ж., № 1, 1-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтарының ахуалы туралы баяндамалар дайындайды. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Әбденов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Серік Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Ерлан Әбілфайызұлы министрі
енгізілсін;
мына:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің Гүлшара Наушақызы кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы»;
көрсетілген комиссияның құрамынан М.Б. Жарбосынова шығарылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 09.04.2014 жылғы № 791 Жарлығымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Аққайсиева - «ҚазМұнайГаз - қайта өндіру және Айзада Үмбетқызы маркетинг» акционерлік қоғамының қаржы директоры (келісім бойынша),
Гладырь - «Подруги» дағдарыс орталығы» қоғамдық Надежда Степановна қорының президенті (келісім бойынша),
Қадырбаева - Қазақстан Республикасы Премьер- Әлия Кенжебекқызы Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары,
Нүкетаева - Қазақстан Республикасы Білім және Динар Жүсіпәліқызы ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)
енгізілсін;
мына:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрайым»,
«Байқошқарова - «Экомед» ЭКО клиникасының басшысы Салтанат Берденқызы (келісім бойынша)»,
«Злой - «Қазақстан Парламентінің Жастар Анатолий Васильевич Мәжілісі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)»,
«Сухорукова - «Қарағанды қаласының «Шахтер» Наталья Евгеньевна стадионы» ҚҚКК директоры»,
«Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және Зарема Каукенқызы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің философия және политология институтының директоры (келісім бойынша)»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің Гүлшара Наушақызы кеңесшісі, төрайым»,
«Байқошқарова - «Экомед» адам ұрпағын өрбіту Салтанат Берденқызы емханасының жетекшісі (келісім бойынша)»,
«Злой - «Қазақстан Парламентінің Жастар Анатолий Васильевич Мәжілісі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)»,
«Сухорукова - Қарағанды облысының Туризм, дене Наталья Евгеньевна шынықтыру және спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы»,
«Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және Зарема Каукенқызы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің философия, политология және дінтану институтының директоры (келісім бойынша)»;
көрсетілген комиссияның құрамынан Ж.Қ. Асанов, А.Қ. Рысбекова, И.С. Унжакова шығарылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; 2007 ж., № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Оразалинов - Қазақстан Республикасының еңбек Сұлтан Шәріпұлы сіңірген қайраткері, «Қазақстан» телерадиокомпаниясының директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан Н.Н. Ораз шығарылсын.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат}:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер- Серік Нығметұлы Министрі,
Досаев - Қазақстан Республикасының Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі,
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Ерлан Әбілфайызұлы министрі
енгізілсін;
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
көрсетілген кеңестің құрамынан Е.Х. Қазыханов, К.Қ. Мәсімов, Б.Ә. Сағынтаев шығарылсын.
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 312 Жарлығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат; 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 37, 444-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына:
Ыбырайым - Қазақстан Республикасы Білім және Нұрлан Мұхтарбекұлы ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы;
көрсетілген кеңестің құрамынан М.А. Сәрсембаев шығарылсын.
11. «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 50, 638-құжат; 2007 ж., № 6, 69-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 56, 534-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Президенті Кәрім Қажымқанұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан А.Е. Мусин шығарылсын.
Полная версия