Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.05.2022 жылғы № 903 Жарлығына сәйкес (23.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 35 Бұйрығына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 828 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 260-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде:
1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілері мен тапсырмаларын олардың орындалу мерзімдерін осы Жарлыққа сәйкес қайта қарап түгендеуді жүргізсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 08.04.2012 жылғы № 295 Жарлығымен (27.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2013 жылғы № 550 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (17.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 30.12.2016 жылғы № 402 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 878 Жарлығымен (21.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 29.04.2019 жылғы № 35 Жарлығымен (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 03.07.2019 жылғы № 50 Жарлығымен (29.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 23.10.2021 жылғы № 680 Жарлығымен (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.05.2022 жылғы № 903 Жарлығына сәйкес (23.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):
Полная версия
ИС BestProfi