Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысы
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде:  
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн;  
2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2000. № 956 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 1367  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2000 жылғы
 28 қаңтардағы N 136
 қаулысымен бекітілген
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес әзірленді және:  
1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің;  
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;  
Полная версия
ИС BestProfi