Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Халықтың көші-қоны туралы » және «Босқындар туралы » Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «егер» деген сөзден кейін «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
11-2-тармақтың бірінші абзацындағы «Оралмандарды,» деген сөзден кейін «пана іздеген адамдарды, босқындарды» деген сөздермен толықтырылсын;
«Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.»;
«Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
Полная версия