Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2022
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 495 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 43, 385-құжат; 2011 ж., № 52, 711-құжат; 2012 ж., № 42, 552-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 4 ақпандағы
 № 495 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2002 жылғы 5 тамыздағы
 № 917 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Есеп комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Есеп комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің туы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
4. Есеп комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Есеп комитетінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Есеп комитеті өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер мұндай шешімді қабылдау осы Ережемен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Есеп комитеті төрағасының құзыретіне жатқызылған болса, Есеп комитеті төрағасының қаулылары немесе бұйрықтары түрінде шешім қабылдайды.
7. Есеп комитетінің құрылымын Есеп комитетінің төрағасы, мүшелер және аппараты құрайды. Есеп комитетінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi