1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығы
Редакция 03.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 2, 13-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі кіреді.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бәйменов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әлихан Мұхамедияұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы, Дауылбаев - Қазақстан Республикасының Бас Асхат Қайзоллаұлы прокуроры, Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қалмұханбет министрі Нұрмұханбетұлы Шпекбаев - Қазақстан Республикасы Президенті Алик Жатқамбайұлы Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
Полная версия