2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 49-бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 16.07.2014
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5324 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 146 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдары үшін пруденциалдық норматив - "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттің мәні күнделікті 1 кем болмауы тиіс.
2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күшін жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.
6. Ақпараттық технологиялар Департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қараша дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдіруін қамтамасыз етсін.
7. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е.Л. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік- дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3196 тіркелген).
2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысы қосымшасының 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген).
3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 386 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3955 тіркелген).
Полная версия