Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4520 болып енгізілді.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3995 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының" Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда N 4479 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Ережеге сәйкес "Статистика" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2006 жылғы
 25 желтоқсандағы N 300
 қаулысының 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру туралы ережесі
Осы ереже " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.
1. Банк өзінің филиалдары бойынша деректерді қоса алғанда, уәкілетті органға банктің қаржылық жай-күйі және оның қызметінің нәтижелері туралы деректері бар есебін беруді осы ережесінің 1-28 қосымшасына сәйкес ұсынады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.11.2007. № 258, 26 (25.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).02.2008 № 18 Бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi