Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 376 Қаулысы
Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Ертіс",»"Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ),»"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ) және "Жетісу"»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Жетісу" ӘКК"»ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдары құрылсын және Шымкент қаласын "Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның, Семей қаласын "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және Талдықорған қаласын "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның орналасу орны болып белгіленсін.
2. "Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның - Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын және "Жетісу" ӘКК»ҰК" АҚ-ның - Алматы облысы мен Алматы қаласын мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгіленсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2008 № 752 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
"Оңтүстік" ӘКК»ҰК" АҚ,»"Ертіс" ӘКК»ҰК" АҚ және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін; 
"Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ-ны,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ны және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ны олардың орналасуы үшін ғимараттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын; 
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық меншіктегі жекелеген объектілерді бұдан әрі»"Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ-ға,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ға және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ға беру мақсатында республикалық меншік объектілерін түгендеу нәтижелерін "Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның және»"Жетісу" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның қарауына ұсынсын. 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп: 
1) Республикалық бюджет қаражатынан "Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде, "Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде және "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 
2)«"Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның және "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның жарғыларын әзірлеуді және бекітуді; 
3) "Оңтүстік" ӘКК"»ҰК"»АҚ-ны, "Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ны және "Жетісу" ӘКК"»ҰК" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.08.2008 № 752 Қаулысымен)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.08.2008 № 752 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта мерзімде "Оңтүстік" ӘКК"»ҰК" АҚ,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ және "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдардың жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
6. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарының және Алматы қаласының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) 2007 жылғы 20 мамырға дейін коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді аяқтасын және олардың нәтижелерін тиісінше»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның, "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның қарауына берсін; 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшін бұдан әрі»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ға,»"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ға және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ға коммуналдық меншіктің жекелеген объектілерін республикалық меншікке беру жөніндегі мәселені қарастырсын; 
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларда қатысу үшін»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ға,»"Ертіс" ӘКК"»ҰК" АҚ-ға және "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ға жер учаскелерін жеке меншікке немесе жерді пайдалануға беруді; 
"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның,»"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның концессиялардағы үлесі сияқты жерді пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды игеруге, индустриялық және технологиялық парктерді ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын; 
жер учаскелері мен ауыл шаруашылығы өндірісі ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберінде»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның,»"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және»"Жетісу" ӘКК"»ҰК" АҚ-ның үлестеріне жатқызуды қамтамасыз етсін; 
3) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен бірлесіп: 
2007 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде қордағы жерді, оның ішінде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елді мекендердің; астында пайдалы қазбалар бар; өңірлік индустриялық және технологиялық парктерді орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының жерін түгендеуді аяқтасын; 
түгендеу нәтижелерін тиісінше»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның, "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның қарауына берсін.
7. Мүдделі мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін активтердің құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберінде»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ның, "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның және»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның үлестеріне жатқызуды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының 6-тармағы 2) тармақшасының нормасы мемлекеттік жер пайдаланушыларға; азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшін; заттай гранттар ретінде; арнайы экономикалық аймақтарға берілетін жер учаскелеріне қолданылмайды.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е.Мусинге жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 11 мамырдағы
 N 376 қаулысымен
 бекітілген
Тізбе алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.08.2008 № 752 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»11»мамырдағы
 N 376 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің турлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Алматы облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-4-жолмен толықтырылсын: 
"38-4. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ"; 
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-14-жолмен толықтырылсын: 
"165-14.»"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ"; 
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 298-жолмен толықтырылсын: 
"298.»"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 237-27, 237-28 және 237-29-жолдармен толықтырылсын: 
"237-27.»"Оңтүстік"»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ" 
237-28.»"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ" 
237-29. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (15.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (06.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi