Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.11.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657  қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. N 35, 327-құжат); 
3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 шілдедегi N 763  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2003 жылғы 20 мамырдағы
 N 467 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттi берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде: 
"Өкiлеттiк берiлген орган" деген 2-бағандағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Лицензияланатын қызметтiң түрлерi" деген 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi