1. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2006
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 611 Қаулысы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгізiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға
Бөлегенов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi департаментiнiң директоры, жауапты хатшы;
көрсетiлген құрамнан Ғұсман Кәрiмұлы Әмрин, Самат Исламұлы Ордабаев шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:
7-тармақтың 4) тармақшасындағы "және қажет болған кезде нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қарашадағы N 1117 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия