Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.01.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244 қаулысы
Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылсын.
2. Қоғам қызметiнің негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн: 
1) қорғаныстық, екi ұдай әрi азаматтық мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндіру, сату және жою саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу; 
2) iшкi қажеттiлiк пен экспортты қамтамасыз ету үшiн қорғаныстық және екi ұдай мақсаттағы өнiмдер өндiру мен дамытудың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларын әзiрлеу әрi iске асыруға қатысу; 
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi және басқа да әскери құрамаларына арналған екі ұдай мақсаттағы қару-жарақ, әскери техника мен өнімдер импортын, сондай-ақ олардың экспортын қамтамасыз ету; 
4) конверсиялық бағдарламалар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру; 
5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу; 
6) жұмылдыру қуаттары және резервтерiн құру, жинақтау әрi сақтау жөніндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыру және iске асыруға қатысу; 
7) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту, соның iшiнде өндiрiстi кеңейту, қайта жаңарту әрi техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру; 
8) ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер жасау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.
3. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының "Мұнаймаш" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 90 пайызы мөлшерiндегi акцияларын мемлекеттiк меншіккe беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен: 
1) 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшiн) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және "520-объект" (Солтүстiк Қазақстан облысы) мемлекеттік мүлкiн беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын; 
2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берілуін; 
4) осы қаулы 4-тармағының 2) тармақшасы орындалғаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қоғамға сенiмгерлік басқаруға берілуін қамтамасыз етсiн; 
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Полная версия
ИС BestProfi