Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1207 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде: 
тақырыбы "Жануарларды" деген сөздiң алдынан "Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
екiншi абзацтағы "туляремия" деген сөзден кейiн ", аусыл" деген сөзбен толықтырылсын; 
бесiншi абзацтағы "аденомотоз" деген сөзден кейiн ", шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде: 
екiншi абзацтағы "нодулярлық дерматит (зкзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы" деген сөздермен толықтырылсын; 
үшiншi абзацтағы "(экзотикалық аурулар)" деген сөздерден кейiн ", күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын; 
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде: 
8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды."; 
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi