Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2332 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже;»;
2), 3) және 4) тармақшалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі;»;
7) тармақшада:
«шекаралық» деген сөз алып тасталсын;
«мемлекеттік» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
4, 5, 7, 12, 13, 18, 19 және 21-тармақтарда «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторынан» «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторында», «ветеринариялық инспектордың» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторынан», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторында», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 18-тармақтарда «ветеринариялық қадағалау», «ветеринарлық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтарда «басқармасының» деген сөз «ведомство бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15, 16-тармақтар алып тасталсын;
Полная версия